Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркімен мұғалімдері Сердар Бердімұхамедовтің «жетістіктері» жайында ашық сабақ өтіп жатыр (видео)

KAZAKBOL.COM

14 ақпанда Түркіменстанның Лебап облысындағы мектеп мұғалімдері оқушыларға «президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердардың өмір жолы, жетістіктері және «адамгершілігі, ақылдығы, еңбек сүйгіштігі» туралы ашық сабақ өткізуге тапсырма алған.

«Түркіменстан хроникасы» басылымының мәліметіне қарағанда, мұндай сабақтар аймақтағы барлық мектептерде өткізіліп жатыр.

Түркіменстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы биыл 12 наурызда өтеді. Бүгінгі күнге дейін президенттікке үміткер ретінде үш адамның аты-жөні белгілі. Олар – 40 жастағы вице-премьер Сердар Бердімұхамедов, бұрынғы саяси тұтқын Гельды Кяризов және Мары облысы басшысының орынбасары, Аграрлық партия өкілі Агажан Бекмырадов.

Кяризов президенттікке Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердардың кандидатурасы көрсетілгеннен кейін, өзі де сайлауға түсуге шешім қабылдаған. Ол Бердімұхамедовтердің елді «фараондардың ұрпағы секілді шексіз династиялық формада» басқарғысы келетіні намысқа тиді дейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM