Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркімен президенті интернетке бақылауды күшейтуді тапсырды

KAZAKBOL.COM

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қауіпсіздік кеңесінің 12 қаңтардағы отырысында өлкенің Ұлттық қауіпсіздік министрлігін аймақтағы қазіргі қауіпсіздік жағдайына сараптама жүргізіп, елге қаншалықты қауіп барын анықтауға шақырды.

«Былтыр елде интернетті бақылау тиісті деңгейде атқарылған жоқ», — деді президент.

Бердімұхамедов Ұлттық қауіпсіздік министрлігін қоғамдық пікірге қайшы келетін, сонымен бірге терроризм, экстремизм, ұлтшылдық және басқа да заңсыз әрекеттерді насихаттайтын интернет бұлақтарын анықтауға шақырды.

Түркіменстанда көптеген жылдардан бері Facebook, Twitter және YouTube сияқты әлеуметтік желілер мен тәуелсіз ақпарат құралдарының сайттары бұғатталған.

Бердімұхамедов жиын барысында сыртқа шығып жатқан түркіменстандықтардың экстремистік, діни радикалды топтардың ықпалына түсіп қалмауын бақылауды талап еткен.

Мемлекет басшысы бұдан бөлек бақылау органдарына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, экономикалық қылмыстар мен жемқорлыққа қарсы күресуде, азық-түлік бағаларының айырмашылығына анализ жүргізуді тапсырған.

Түркіменстан президентінің бұл мәлімдемесі Қазақстанда болған соңғы оқиғалардың аясында жасалған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM