Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстанда полицияға шақыртылған гей жігіт жоғалып кетті

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанда гомосексуал екенін алғаш рет жариялаған жігіт — 24 жастағы Қасымберді Гараев жоғалып кетті. Оны полиция шақыртқан.

Азатлык радиосының хабарлауынша, Гараев қамауда отырған болуы мүмкін, оның өміріне қауіп төніп түр. Өйткені Түркіменстанда гомосексуализм үшін қылмыстық жаза қолданылады.

Жігітті 24 қазанда полицияға шақыртан. Бұдан бірнеше күн бұрын оның сұхбаты Азатлык радиосының сайтында жарияланған еді. Материалда Гараевтің есімі өзгертіліп берілді. Оның жасы мен дәрігер-онколог екені ғана көрсетілді. Оны полицияға шақыртқан соң, жігіт жоғалып кетті. Журналистердің хабарлауынша, сұхбат жарияланған соң құқық қорғау органдары жас дәрігерлердің барлығын тексерген.​

Сұхбатта Гараев оның бір көкесі Түркіменстан президентінің күзет қызметінде істейтінін айтқан. Гараев бұл мәліметті жариялауды жөн көрген. ​Өткені жылы ол интернеттің көмегімен бір жігітпен танысқанын, онымен кездесуге барғанда, полицияға ұсталғанын айтқан. Сол кезде оны қамаудан көкесі босатып алған, әйтпесе Гараев қылмыстық жазаға тартылатын еді.

Азатлык радиосының мәліметі бойынша, Гараевтың отбасы Ашхабадтағы үйінен көшіп кеткен. Олардың өздері көшкені, не күштеп көшіргені әзірге белгісіз.

Гараев 13 қазанда туыстарына арнап бейнеүндеу жазды, оны өзін ұстаған жағдайда көрсетуін сұрады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM