Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстанда жастармен жұмыс істеу ісіне ақсақалдар тартылып жатыр

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанның Мары облысында жергілікті билік жастармен жұмыс істеу ісіне ел ақсақалдарын тартып жатыр. Осылай деп Азатлык (Азаттықтың түркімен қызметі) тілшісі хабарлайды.

«Мұндай кездесу жыл сайын мектеп қабырғалары мен жоғары оқу орындарында өтеді. Ақсақалдар жастарды үкіметке қарсы пікір білдіретін сайттарды қарамауға шақырып, үкімет елдің гүлденуіне барлық жағдай жасап жатыр деген сарында әңгіме айтады», – дейді жоғарғы сынып оқушысы Азатлык тілшісіне.

Оның айтуынша, ақсақалдар түркімен халқы «бір отбасы» деген сөзді жиі айтады.

«Елде қантөгіс орнатқысы келетін адамдар пайда болып, интернет арқылы жиі сөйлес бастады. Егер араларыңызда оларды тыңдайтын адамдар болса, не таныстарыңыз болса, бұл жөнінде жетекшілеріңізге ескертіңіздер деп айтты», – дейді жоғары сынып оқушысының бірі.

Осыған дейін Ұлттық қауіпсіздік министрлігі рұқсат етілмеген сайттарға кіретін студенттер оқудан шығарылады деп ескерту жасаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM