Түркия Өзбекстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның 200 мың дозасы мен фавипиравир препаратының 20 мың қорабын береді.
Dunyo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстанның Түркиядағы елшісі Әлішер Азамхожаев пен Түркия денсаулық сақтау министрінің орынбасары Халил Элдемир осындай меморандумға қол қойды.
Өзбекстан мен Түркия үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес, Түркия вакциналар мен дәрілерді Өзбекстанға достық белгісі ретінде жолдайды.
Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Түркия Ташкентке Қытайда өндірілген «Sinovac» вакцинасын жібереді.
KAZAKBOL.COM