Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандар саны 37 мыңнан асты

KAZAKBOL.COM

Түркия мен Сирияда бір апта бұрын болған зілзаладан көз жұмғандар саны 37 мыңнан асты. Түркияда ресми мәлімет бойынша 30 мың адам қаза тапса, Сирияда 6 мыңнан астам адам қайтыс болған. БҰҰ қайтыс болғандар саны 50 мыңға жетуі мүмкін деп болжайды.

Құтқарушылар үйінді астында тірі қалғандарды шығарып жатыр. Дүйсенбі күні бір отбасының үш әйелі мен 4 жастағы сәбидің құтқарылғаны хабарланды. Олар қираған ғимарат астында 170 сағат қалған.

Қазір Түркияда құрылыс ғимараттарына жауапты кемінде 131 адамға қарсы тергеу ісі басталды.

ДДСҰ мәліметінше, зілзала 26 млн адамға қайғы әкелген.

БҰҰ-ның гуманитарлық көмек жөніндегі хатшысы Мартин Гриффитс «құтқару кезеңі аяқталып келеді, енді зардап шеккендерді тез арада баспанамен, тамақпен қамтамасыз етіп, балаларға білім беріп, адамдарға психологиялық көмек көрсету керек» деп мәлімдеді.

Президент Башар Асадтың қарсыластары бақылайтын Сирияның солтүстігіндегі соңғы анклавқа алғашқы гуманитарлық көмек төрт күннен кейін ғана жетті. Бүгінгі күнге дейін БҰҰ-ның гуманитарлық жүктері үшін Түркия мен Сирияның шекарасындағы бір ғана өткізу бекеті ашық. БҰҰ зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін екі бекетті ашуға үміттеніп жатқанын білдірді.

Түркияның денсаулық сақтау министрлігі аймақтарға құтырма және сіреспе (столбняк) ауруларына қарсы вакциналар жөнелтіліп, көшпелі дәріханалар жұмыс істей бастағанын хабарлады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM