Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркия орыс-украин тұтқындарын алмасуды құптайды

KAZAKBOL.COM

Түркия омбудсмені Шереф Малкоч өткен дүйсенбі күні Түркияның араағайындығымен Украина мен Ресей тұтқын алмасуға дайындалып жатыр деп хабарлады.

Оның сөзінше, омбудсмендер үш кезеңге созылатын гуманитарлық көмек жайында келісімге келген. Украина тарапы 800 тұтқынның, Ресей 200 тұтқынның тізімін ұсынған.

Түркия сонымен бірге жараланған әскерилерді, бейбіт тұрғындарды, бірінші кезекте балалар мен әйелдерді, қарияларды соғыс аймағынан алып шығу үшін Стамбұл арқылы гуманитарлық дәліз құруға ұсыныс білдірген. CNN-нің түрік қызметінің хабарлауынша, жақын күндері гуманитарлық дәліз жөнінде талқылау үшін Ресей және Украина президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленскиймен кездесуді жоспарлап отыр.

11 қаңтарда Түркияда Украина мен Ресейдің адам құқықтары жөніндегі өкілдері Дмитрий Лубинц пен Татьяна Москалькова кездескен. Москалькова твиттер парақшасына кездесу қорытындысы бойынша 40 орыс тұтқынын қайтаратын болдық деп жазды.

14 қаңтарда Reuters агенттігі орыс тараптың бастамасымен тұтқындар алмасу болмайтын болды деп жазған. Бірақ Москалькова тұтқын алмау орын алғандай жазған.

Түркия НАТО-ға мүше мемлекет. Украинаны қарумен қамтамасыз етіп жатыр. Сонымен бірге Украина мен Ресей арасында бейбіт келісімге келу үшін араағайын болып жүр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM