Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркия Сирия солтүстігіне әскери операцияға дайындалған

KAZAKBOL.COM

Түркия президенті Режеп Ердоған Әділет және даму партиясы жиынында Сирия солтүстігінде Халықтық өзін қорғау отрядына (ХҚО) қарсы әскери операция жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Анкара бұл ұйымды террористік деп санайды.

Бұл жөнінде 1 маусымда Hürriyet газеті хабарлады.

Халықтық өзін қорғау отряды (ХҚО) — басым бөлігі күрдтерден құралған сириялық әскери ұйым. Олар Сирияның солтүстік-шығыс бөлігін бақылайды. Бұл ұйым Батыс елдерінің қолдауымен «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қарсы күрескен.

Анкара бұл ұйымға үнемі қарсы, себебі Күрдістанның жұмысшылар партиясымен байланысы бар деп есептейді. Аталған партия Түркиядан күрдтер автономиясын құруды талап етіп келеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркияға ескерту жасады. «Әскери операцияға біз қарсы боламыз», — деп мәлімдеді ол сәрсенбі күні НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен өткізген баспасөз мәслихаты кезінде.

Анкара 2016 жылдан бері Сирияда төрт бірдей әскери операция жүргізді. Бұл жолы Түркия ХҚО-ны ығыстырып, Сирия босқындарына арналған арнайы аймақ құрамыз дейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM