Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркиядағы зілзалада жоғалған 13 өзбек азаматын іздестіріп жатыр

KAZAKBOL.COM

Түркияда зілзала болған аймақта Өзбекстанның 13 азаматы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Өзбекстанның Стамбұлдағы бас консулдығы хабарлады.

7 ақпанда сағат 17:00-дегі (Түркия уақыты) мәлімет бойынша, зілзала болған аймақта Өзбекстанның 13 азаматы іздестіріліп жатты.

Бұған дейін Малатья провинциясында Өзбекстанның бір азаматы қаза болғаны, төрт өзбекстандық іздестіріп жатқаны хабарланған. Туыстары мен жақындары 15 өзбек азаматын іздестірген, солардың екеуі табылған.

Өзбекстанның Түркиядағы дипломаттары 17 өзбек азаматын апат аймағынан Стамбұлға жеткізуге көмектесті. Олардың арасында 13 спортшы бар.

Сейсенбі күні Өзбекстан екі ұшақпен гуманитарлық көмек пен 100 құтқарушысын Адана және Газиантеп қалаларына жеткізді. Құтқарушылар Хатай облысындағы Овакент ауылында құтқару жұмыстарына кірісіп кетті. Мұнда 15 мыңнан астам этникалық өзбек тұрады.

Өзбекстанның Анкарадағы елшілігі тәулік бойы жұмыс істейтін штаб ұйымдастырып, байланыс телефонын жариялады: +90−538−035−85−34.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM