Қазақстанның Түркиядағы құрметті елшісі Халел Улуер әйелімен бірге Стамбул маңында жол апатына ұшырап, қаза болды. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы елшілігі хабарлады.
Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға 27 сәуірде Стамбулға жақын шосседе болған. Елші мен әйелі және тағы екі адам отырған көлік жолдан шығып кетіп, аударылған. Үш адам оқиға орнында қаза болған, тағы біреуі ауруханада көз жұмған.
Қазақстан елшілігінің хабарлауынша, Улуер Қазақстанға инвестиция тарту бойынша келіссөздерге қатысқан. Оның араласуымен Түркияда қазақтың белгілі тұлғаларының атында бірқатар даңғыл, көше, саябақтар пайда болған. Ол жетекшілік еткен Uluer Group компаниясында туризм, медицина және қорғаныс саласында қызмет көрсететін еншілес компаниялар бар.
Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекулы Facebook-тағы парақшасында Улуердің індет кезінде алғашқылардың бірі Қазақстанға гуманитарлық көмек жібергенін атап өтеді.
52 жастағы Улуер Невшехир провинциясында 2009 жылдан бері Қазақстанның Түркиядағы құрметті елшісі болған.
KAZAKBOL.COM