Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркияның зілзала болған аймағында төтенше жағдай енгізілді

KAZAKBOL.COM

Түркия президенті Режеп Ердоған зілзаладан қатты зардап шеккен 10 аймаққа үш айға төтенше жағдай енгізілді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда табиғи апаттан қайтыс болғандардың саны 3500 адамнан асқан, ал көрші Сирияда 1600-ден асқан.

Сейсенбі күні тікелей эфир арқылы мәлімдеме жасаған Ердоған төтенше жағдай құтқарушылардың жұмысын тездету мақсатында жарияланғанын айтты.

Ақпанның 6-сы күнгі жер сілкінісі осы ғасырда Түркияда болған аса ірі зілзала саналады. Ердоған оны «1939 жылдан кейін қайталанған аса ірі табиғи апат» деп атады. Дүйсенбі күні магнитудасы 7,7-ге тең жерасты дүмпуі тағы қайталанған. Дүмпу Грузия, Армения, Ливан, Иранда да сезілген.

Ердоғанның сөзінше, бүгінге дейін Түркияға дүниежүзінің 70 елі көмектесуге уәде берген. Қазақстан да Түркияға құтқарушылар жіберген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM