Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәліп шенеуніктері бастаған ауған делегациясы Өзбекстанға келді

KAZAKBOL.COM

16 қазан күні «Талибан» үкіметінде вице-премьер қызметін атқаратын, ұлты өзбек Абдул Салам Ханафи бастаған Ауғанстан делегациясы Өзбекстанға келді.

«Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдуләзиз Камиловтың Ауғанстанға барған 2021 жылғы 7 қазандағы жұмыс сапарында жасалған келісімді жүзеге асыру аясында Термезге Ауғанстан уақытша үкіметі басшысының орынбасары міндетін атқаратын Абдул Салам Ханафи бастаған Ауғанстан делегациясы келді» деді Өзбекстан СІМ ресми өкілі Юсуп Кабулжанов ресейлік ТАСС агенттігіне.

Өзбекстан делегациясын премьер-министрдің орынбасары, инвестиция және сыртқы сауда министрі Сардор Өмірзақов бастады.

Бұл – тамыз айында Ауғанстанды бақылауына алған «Талибан» үкіметінің Өзбекстанға алғашқы сапары.

Осыған дейін ұлты өзбек Абдул Салам Ханафи «Талибанның» Катардағы кеңсесін басқарған.

7 қазанда сыртқы істер министрі Абдуләзиз Камилов бастаған Өзбекстан делегациясы Кабулға барып, «Талибан» басшылығымен келіссөз жүргізген. Камилов «Талибан» үкіметінде сыртқы істер министрі қызметін атқаратын Әмір Хан Муттақимен кездесіп, транзит, энергетика және сауда мәселесін талқылады.

«Талибан» Орталық Азияның Ауғанстанмен шектесетін елдеріне қауіп төндірмейтінін айтып сендіруге тырысты.

Тәліптердің Ауғанстанды басып алуы Орталық Азия елдері арасында алаң тудырған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM