Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Тәліптер АҚШ пен НАТО-ға жәрдемдескендерді іздеуге кірісті

KAZAKBOL.COM

Тәліптер АҚШ пен НАТО-ға жәрдемдескен Ауғанстан адамдарын іздеуге белсене кірісті. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметін ВВС мен New York Times жариялады.

Бұл ақпаратқа қарағанда, тәліптер қолында америкалықтармен жұмыс істескен адамдардың тізімі бар, олар сол тізімдегі адамдарды тауып, жазаға тартқысы келеді. Егер адамның өзі табылмаса, оның туысын қамауға аламыз, болмаса өлтіреміз деп қорқытады. Әсіресе, биліктен тайдырылған үкіметтің әскери қызметкерлері мен тергеу органдарында жұмыс істеген полицейлерге қауіп күшті. Қазір Ауғанстаннан кетіп қалу үшін Кабул әуежайына ұмтылған адамдардың көбі сол тізімде тұр.

Тәліптер журналистерді де іздестіріп жатыр. Олар Ауғанстанның батысында Deutsche Welle басылымы журналисінің бір туысын өлтіріп, екіншісін ауыр жаралаған. Бұл жөнінде Германияның медикомпаниясы хабарлады. Бұл ақпаратқа қарағанда, тәліптер Германияға кетіп қалған журналисті іздеп барған. Оның өзге туыстары соңғы сәтте қашып үлгеріп, жасырынып қалған.

DW мәліметінше, Кабул мен провинцияларда тәліптер осы компанияның кемі үш қызметкерінің үйін тінтіген. Германия бұқаралық ақпарат құралдары үкіметке ашық хат жазып, Ауғанстанда неміс басылымына жұмыс істеген журналистерді отбасыларымен қоса дереу әкететін бағдарлама жасауға шақырды.

Facebook Ауғанстандағы пайдаланушыларын «достарды қарау» функциясынан ажыратты. Әлеуметтік желідегі киберқауіпсіздік бөлімінің басшысы Натаниэль Глейхер Twitter арқылы мұның «адамдарды қуғын-сүргіннен қорғау үшін» жасалғанын айтты.

«Талибан» қозғалысы 15 тамызда Кабулды соғыссыз алған соң, Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатқанын, Ауғанстан ислам әмірлігін құратынын мәлімдеген.

«Талибан» 1996 жылдан 2001 жылға дейін Ауғанстанның басым бөлігінде билік еткен. 2001 жылы Нью-Йорктегі террордан соң АҚШ пен оның одақтастары Ауғанстан аумағына кіріп, тәліптер бұрынғы билігінен айырылған еді. Олар АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылар қарсаңда қайта белсеніп, ірі қалаларды шапшаң басып алған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM