Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәліптер Тәжікстанмен шектесетін ауданға содырларын жіберген

KAZAKBOL.COM

«Талибан» қозғалысы 130 содырын Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы Шахрибузург уезіне жіберді.

Бұл туралы Озоди радиосы дереккөзіне сүйеніп хабарлады. Шахрибузург Тәжікстандағы Шамсиддин Шохин ауданымен шектеседі.

Дереккөздің мәліметінше, тәліптер онда «Ансоруллах» тобының содырлары мен Душанбеде халықаралық іздеу салынған «тәжік тәліптері» жіберілген.

«Махди Арсланның 130 содыры Файзабадтан Шахрибузургқа жіберілді. Тәліптердің 70 адамнан тұратын тағы бір тобы Шугнанға жайғастырылды», — деді Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономды облысының шекара басқармасының өкілі.

Шахрибузургда содырлардың көбейгенін Ауғанстанның бұрынғы әскери қызметкерлері де растайды.

«Бір күн бұрын Шахрибузургтағы жігіттермен сөйлестім. Олар «қонақтар» келгенін айтты. Мен кімдер деп сұрамадым. Олардың сөздеріне қарағанда, содырлар өте көп», — деді ол.

«Талибан» содырлары бір айдан бері Ауғанстанның Бадахшан провинциясында әскери жаттығу өткізіп жатқаны жөніндегі видеолар әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM