Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәліптерге Ауғанстанның солтүстігінен этникалық өзбектер мен түркімендерді күштеп көшірді деген айып тағылды

KAZAKBOL.COM

«Талибанға» Ауғанстанның солтүстігіндегі Жауызжан провинциясында тұратын жүздеген өзбек және түркімен азаматын күштеп көшірді деген айып тағылды.

Пана іздеуге мәжбүр болғандардың айтуынша, пуштундар тәліптердің көмегімен өзбектер мен түркімендерді үйлерінен қуып, жерлерін тартып алған.

Тәліптерге Ауғанстанның солтүстігінен мыңнан астам бейбіт тұрғынды күштеп көшірді деген айып тағылып отыр. Үйлерінен қуылған азаматтардың негізгі дені – өзбектер мен түркімендер.

Олардың Жауызжан провинциясындағы үйлері мен жерлерін тәліптердің көмегіне сүйенген көшпелі пуштундар тартып алған.

Тамызда Ауғанстан билігін қолына алған тәліптер осыған дейін елдің бес провинциясында тұратын жүздеген шиит хазарын үйлерінен қуып, жерлері мен фермаларын алып қойған.

Құқық қорғаушылар бейбіт халықты күштеп көшіру операциясын тәліптердің тартып алынған жерлерді өз жақтастарына таратып, бұрынғы ауған үкіметін қолдаған топтарды жазалау амалы деп бағалайды.

Aбдулла – Жауызжан провинциясының шалғайдағы Дарзаб ауданынан көшірілген тұрғындардың бірі.

Оның сөзінше, 27 қарашада тәліптер мен көшпелі пуштундар Жауызжандағы Дарзаб және Құш-Тепе аудандарында тұратын мыңнан астам өзбек пен түркіменді үйлерінен қуып шыққан.

Жеке бас қауіпсіздігі үшін аты-жөнін көрсетпеуді сұраған Абдулланың дерегінше, тәліптер үкіметінің билігі жергілікті халықтың жерін тартып алу фактілеріне қатысты зерттеу жүргізу үшін арнайы делегация жіберуге уәде берген. Бірақ 8 желтоқсандағы ақпаратқа сәйкес, делегация әлі келмеген.

«Жүздеген жылдан бері осында тұрып келеміз. Өз қолымызбен игеріп, маңдай терімізбен көгерткен жерлеріміз» дейді ол.

29 қарашада тәліптердің өкілі Біләл Кәрими ВВС-ге берген пікірінде Жауызжанда күштеп көшіру операциясы жүргенін жоққа шығарған.

«Ондай ештеңе болған жоқ. Құш-Тепедегі жағдай бірқалыпты» деді ол. Кәрими сондай-ақ биліктің бұл мәселені зерттеп жатқанын, тәліптер ешқандай топтың біреудің мүлкін тартып алуына жол бермейтінін айтқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM