Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік-қазақ келіссөздерінің қорытындысы бойынша жеті құжатқа қол қойылды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан мен Қазақстан президенттері екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті және достық қарым-қатынасты кеңейтіп, одан әрі дамыту мәселелерін талқылады деп хабарлайды тәжік президентінің баспасөз қызметі.

Тәжік-қазақ келіссөзінің қорытындысы бойынша жеті құжатқа қол қойылған. Олардың ішінде денсаулық сақтау министрліктері арасында «Құрт індетіне қарсы күресте әріптестік таныту», «2021-2023 жылдарға арналған сыртқы істер министрліктерінің өзара қарым-қатынасы, мәдени даму, жаңа технологиялар және өндіріс, байланыс қызметі, сандық, инновациялық даму салалары бойынша келісімге келген.

Сонымен бірге екі ел тауар өткізуші жүйе құру бойынша бірлескен жоба әзірлеуге келіскен. Оған сәйкес, Тәжікстанның әртүрлі аймағында өндіріс ошақтары салынып, оған 45 миллион доллар, жалпы алғанда 500 миллион доллар бөлінбек.

Ресми мәлімет бойынша, коронавирус пандемиясына қарамастан, екі ел арасында сауда айналымы 1 млрд долларға жеткен.

Тоқаевтың айтуынша, қазақ компаниялары Тәжікстанда көліктер мен автобустар шығару бойынша бірлескен компаниялар ашуға, сонымен бірге трансформатор шығаратын зауыт салуға дайын. Бұдан бөлек қазақ кәсіпкерлері Рогун ГЭС-ін салу үшін қажетті жабдықтарды жеткізуге дайын.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM