Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжал: бір адам қаза тауып, 17 адам жараланды

KAZAKBOL.COM

27 қаңтар кешінде тәжік-қырғыз шекарасында көршілес екі ел шекарашыларының атысы басталды. Қарулы жанжалдан кем дегенде бір адам опат болды.

Азаттық радиосының Тәжік қызметі – Озоди радиосының хабарлауынша, Исфара қаласы денсаулық сақтау саласындағы дереккөз шекарадағы жанжалда 17 тәжікстандық жараланғанын айтқан.

«Олардың арасында әскерилер, бейбіт тұрғындар да бар», — деген есімі аталмауын сұраған дереккөз.

Оның айтуынша, жараланғандардың бәрі Исфара қаласының орталық ауруханасына жеткізілген.

Озоди радиосының мәліметінше, Исфара әкімдігінің ұйымдастыру бөлімі жетекшісінің аяғына оқ тиген. Шенеунік қалалық аурухананың травматология бөлімінде жатыр. Ворух пен Чоркух ауруханаларына қанша жаралы түскені әзірге белгісіз. Шекарадағы жанжалда жараланғандар туралы ресми мәлімет әлі жарияланбады.

Бұның алдында Озоди радиосының дереккөздері атыс кезінде кем дегенде бір бейбіт тұрғынның опат болғанын хабарлады. Ходжаи Аъло ауылының 36 жастағы тұрғыны Обиджон Туйчиев қырғыз жағынан атылған оқтан көз жұмды, дейді Чоркух ауылының басшысы. Оқ атылған уақытта ол жергілікті милиция ғимаратының алдында тұрған.

«Обиджон милиция қызметкері емес, кедей отбасынан шыққан қарапайым ауыл тұрғыны», — деді Чоркух басшысы.

Баткен облысындағы шекарадағы атыстан төрт қырғызстандық жараланды. Түнгі сағат 02:00-де Баткен облысының ауруханасына 7 жаралы түсті. Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Тәжікстан мен Қырғызстан шекара қызметтері бір-бірін айыптап отыр.

Екі елдің шекарасындағы атыс сағат 23:50-де 10 минутқа тоқтады, деп хабарлады Қырғыз шекара қызметі. «Алайда тәжік жағы атысты доғару келісімін бұзды», — деп мәлімдеді шекара мекемесі.

28 қаңтарда сағат 00:20-да екі елдің шекарашылары Кочо-Бою мен Дахма елді мекендері маңында атысып жатты. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы 970 шақырымға созылып жатыр, соның 519 шақырымы ғана келісілген. Шекараның даулы бөліктерінде үнемі қақтығыс болып тұрады. 2021 жылғы сәуірдегі қарулы қақтығыс кезінде екі елден елуден астам опат болып, 150-ден астам адам жараланды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM