Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Тәжік әуе компаниялары қосымша құн салығынан босатылады

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы отандық әуе компанияларға жанар май, техника және жабдықтарды импорттауда қосымша құн салығынан босату туралы заң жобасын мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, салық жеңілдіктері «Тәжік Эйр» және «Сомон Эйр» әуе компанияларына 2027 жылға дейін беріледі. Бұл аралықта сырттан жанар май құю материалдарын, ұшақтарды, тікұшақтарды және әуеқозғалтқыштарын алып келуде олардан қосымша құн салығы алынбайды.

Билік мұндай шараның мақсаты — авиация саласын дамыту және бұл саладағы қызмет көрсету сапасын жақсарту екенін мәлімдеді.

Талқылау кезінде бірқатар депутаттар өлкенің авиация саласындағы проблемаларға тоқталып, билік әуе компанияларға Батыс Еуропа және Тынық мұхит аймағына жаңа рейстер ашу, сонымен бірге проблемаларды шешуге қолдау көрсету керек екенін жеткізді.

«Тәжік Эйр» ұлттық әуе компаниясы бірнеше жылдан бері дағдарыста. 2015 жылы тәжік үкіметі компанияның 370 мың доллар қарызын кешірсе, 2020 жылы несие берушілермен өзара есептесу арқылы 2 миллион долларын өтеген. 2019 жылы үкімет компанияның салық органдарына және мемлекеттік кәсіпорындарға 2,6 миллион доллар берешегін кешкен.

Былтыр Озоди радиосы жариялаған зерттеуінде «Тәжік Эйр» банкрот алдында екенін жазып, оның салық органдарына, банк, әуежайға және басқа да техникалық қызметтерге 40 млн доллар қарызы бар екенін көтерген.

Бірқатар мәліметтерге қарағанда, тәжік президенті Эмомали Рахмонның жақын туыстарының біріне тиесілі екені айтылып жүрген «Сомон Эйр» әуе компаниясы 2008 жылы құрылып, бүгінгі күні бұл салада монополист болып есептеледі.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM