Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

СІМ Гонконгте қазақстандық студенттің ұсталғанын хабарлады

KAZAKBOL.COM

18 қарашада Гонконгтегі наразылық кезінде полиция баптистер университетінің 1-курс студенті қазақстандық Абилькаир Нукпиді ұстаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Министрліктің дерегінше, «Гонконгтегі Қазақстан консулы студентке барып қайтқан, жағдайы жақсы. Полиция ұстаған кезде оң қолының саусақтарын аздап жаралап алған. Ешқандай шағымы жоқ».

СІМ 20 қарашада студенттің ісі бойынша алғашқы тыңдау өткенін, Гонконгтегі Қазақстан елшілігі студентке адвокат іздеп жатқанын хабарлады.

Сәрсенбі күні Oyan, Qazaqstan белсендісі Әсем Жәпішева әлеуметтік желідегі парақшаларында Гонконгте Әбілқайыр Нұқпиев есімді (СІМ мәлімдемеінде — Абилькаир Нукпи) 19 жастағы қазақ студентінің ұсталғанын жазған. Bloomberg тілшісі Аарон Мак Николас Twitter желісіндегі постына сүйенген Жәпішеваның жазуынша, студенттің қолында жанғыш зат бар бөтелке болған. 16 қарашада Гонконгтегі баптистер университетіне бекінген наразыларды ұстау үшін полиция кампусқа шабуыл жасаған кезде қазақстандық студентті де ұстап, оның оң қолы жараланған.

Журналист Аарон Мак Николастың жазуынша, Қазақстан елшілігінің араласуына қарамастан Гонконг соты студентті «кепілмен босатудан бас тартып, сот тыңдауын қаңтар айына белгілеген».

18 қарашада Қазақстанның СІМ Гонконгтегі наразылыққа байланысты 118 студенттің елге келгенін хабарлаған. Министрлік 48 студенттің жақын күндері Қазақстанға оралатынын айтқан.

Соңғы бес айдан бері жалғасып жатқан наразылық шарасында Гонконг жұрты биліктен демократияға бастар нақты қадамдар талап етеді. Наразылар Қытайдың Гонконгтің ішкі ісіне араласқанына да наразы.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM