Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік билігі Таулы Бадахшанда «қылмыстық топтың үш лидерінің» ұсталғанын мәлімдеді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның құқық қорғау органдары 11 маусымда Таулы Бадахшан автоном облысында жергілікті «ұйымдасқан қылмыстық топтардың» үш лидері ұсталғанын мәлімдеді.

«Ховар» ұлттық ақпарат агенттігі Таулы Бадахшандағы қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету штабының мәліметіне сүйеніп, «11 маусымдағы арнайы операция кезінде Хорог қаласындағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың лидерлері Аёмбеков Толиб, Шанбиев Мунаввар және Гулобов Ниёзшо ұсталып, қамауға алынғанын» жазды.

Оларға «адам өлтіру, бұзақылық, тонау, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, заңсыз есірткі, қару-жарақ сақтау» баптары бойынша айып тағылған.

Қамауға алынғаны айтылып жатқан Толиб Аёмбеков, Ниёзшо Гулобов және Мунаввар Шанбиев есімді азаматтардың аты-жөні Тәжікстанның қауіпсіздік органдарының ресми құжаттарында алғаш 2012 жылы – тәжік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бадахшандағы басқарма жетекшісі Абдулло Назаров өлтірілгеннен кейін пайда болған. Сол кезде олар Назаровты өлтіруге қатысы бар деп айыпталған.

Таулы Бадахшанда жағдай мамыр айынан бері ушығып тұр. 14 мамырда Хорог қаласының жүздеген тұрғыны көшеге шығып, Душанбе тағайындаған автоном облысының басшысын және әкімін қызметтен кетуін талап еткен.

Көп ұзамай тәжік билігі аймақта «антитеррорлық операция» бастағанын, оның нәтижесінде «сегіз террористің көзі жойылып, 11-і жараланғанын» мәлімдеген. Бұдан бөлек 100-ден астам адам қамалған. Жергілікті тұрғындар қаза тапқандар саны бұдан да көп екенін айтады.

27 мамырда «Хьюман Райтс Уотч» (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы «Тәжікстан билігі наразылыққа шыққандарды қуғындауды тоқтатып, оларға қарсы жасалған қылмыстарды зерттеу керек» деп мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM