Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

«Тәжік Эйр» заңгері: компания Skyroad Leasing компаниясына $20 млн төлемейді

KAZAKBOL.COM

«Тәжік Эйр» әуе компаниясының басшылығы Литваның Skyroad Leasing компаниясына $20 млн төлегісі келмейді.

«Тәжік Эйр» мен Skyroad Leasing ұшақтарды пайдалануға қатысты дау сегіз жылдан бері жалғасып келеді. Іс материалдарына қарағанда, дауға «Тәжік Эйр» компаниясының екі Boeing ұшағы үшін ай сайын 149 мың доллардың жалға алу құны мен 20 млн доллар айыппұл себеп болған.

2018 жылы Вильнюстің төрелік соты Skyroad Leasing компаниясының пайдасына шешім шығарды. Жақында Тәжікстанның жоғарғы экономикалық соты «Тәжік Эйрдің» литвалық компанияға шағымын қанағаттандырды.

«Тәжік Эйр» заңгері Даврон Гафуровтың айтуынша, әуе компаниясы литвалық компания талап еткен құнның көп бөлігін төлеген. «Біз лизингке екі ұшақты 9 млн долларға алдық. Келісім шарт пайыздары 2 млн доллардан асады. Бірақ біз литвалық компанияға 15 млн доллар төледік», дейді заңгер.

«Тәжік Эйр» мен Skyroad Leasing арасындағы дау Душанбе, Вильнюс, Мәскеу соттарында қаралып, АҚШ-қа дейін жетті. Гафуровтың айтуынша, биыл қаңтарда АҚШ-тың Колумбия округындағы федералдық сот «Тәжік Эйр» шағымын қанағаттандырған.

«Тәжік Эйр» әуе компаниясы бірнеше жылдан бері дағдарыстан шыға алмай келеді. Ұлттық компанияның салық және басқа да төлемдер бойынша қарызы 1 млн доллардан асты, оның үстіне Skyroad Leasing компаниясына 20 млн доллар төлеуі тиіс. Компанияның бірнеше лайнері бұғатталған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM