Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік шаруалары тыңайтқыштың екі есе қымбаттағанына наразы (видео)

KAZAKBOL.COM

Тәжікстандағы шаруалар тыңайтқыштың қымбаттап бара жатқанына алаңдап отыр. Аммофоск, карбамид, селитра және нитроаммофоск тыңайтқыштарының бір қабы 500 сомони тұрады. Былтыр 300 сомониден сатылған.

Тәжікстанның түрлі аймақтарындағы шаруалар егін егу науқаны кезінде тағы бір қиыншылыққа тап болды. Олар тыңайтқышты қымбатқа сатып ала алмай отыр. Шаруалардың пікірінше, биыл елде ауыл шаруалығы өнімдері қымбаттауы мүмкін.

«Жылда 7-8 га жерге бидай, 4-5 га жерге пияз, 2 га жерге сәбіз және 14 га жерге жүгері егетінбіз. Биыл бір гектарға азайттық. Өйткені тыңайтқыш қымбат. Енді шығынды өтей аламыз ба деп басымыз қаттып отыр», — дейді шаруа Комилжон Самадов.

Соғдылық шаруа Миркобил Хакимов те өнім аз болады дейді. «Тыңайтқыш қымбат. Сол себепті биыл оны аз қолдандық. Жылда 500 кг тыңайтқыш алсақ, биыл 200 кг ғана септік», — дейді ол.

Тәжікстан тыңайтқышты Өзбекстаннан, Ресейден, Қазақстан мен Түркіменстаннан импорттап отыр.

Сарапшы Бобожон Домуллоевтың айтуынша, «аймақта азот қосылған тыңайтқыштар қымбаттаған, өйткені әлем нарығында табиғ газ бағасы көтерілді. Ресей мен Өзбекстан 1 маусымға дейін азот қосылған тыңайтқыштарды экспорттауға тыйым салды. Енді біздің шаруалар былтырдан қалған тыңайтқыштарды ғана қолдануға мәжбүр».

Тәжікстан ауыл шаруашылығының мәліметінше, жылда елде жарты миллион тоннадан астам тыңайтқыш пайдаланылады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM