Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан Ұлттық бірлік күнін атап өтіп жатыр

KAZAKBOL.COM

27 маусым — Тәжікстан ұлттық бірлігі күні. Атаулы күн 1997 жылғы 27 маусымда Тәжікстан үкіметі мен Біріккен тәжік оппозициясы Мәскеуде бейбітшілік пен ұлттық келісімге отыруына байланысты тағайындалған.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен оппозиция күштерінің жетекшісі Саид Абдулло Нури қол қойған келісіммен 1992 жылы басталған азамат соғысы аяқталды. Босқындар елге оралды, қарулы оппозиция интеграцияланды. Тараптар үкіметтегі орындардың 30 пайызы оппозицияға өтеді деп келісті.

Бейбіт келісімді жүзеге асыру кезінде наразылықтар, кісі өлімі және жемқорлыққа қатысты жанжалдар болды, соған қарамастан оппозиция үкіметтен бар болғаны 54 орын алды. Келісім бойынша оппозицияның 5 мыңға жуық өкілі билікке келуі тиіс болған.

Қызметке ие болған оппозиционерлер де билікте ұзақ отыра алмады. Олардың бәрі біртіндеп қызметтен ығыстырылды.

Азаматтық соғыс аяқталған соң Тәжікстанда жауласушы тараптардың бірі билікке толық орнықса, екіншісі толықтай дәрменсіз күйге түсті.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM