Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан бензиннің қымбаттауын өнімнің Қазақстаннан аз келуімен түсіндірді (видео)

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда бензин қымбаттады. Жанармай құю бекеттерінде бензиннің бір литрі 8 сомониден сатылып жатыр, екі апта бұрын 7,20 сомони болған. Жыл басынан бері газ 12 пайызға қымбаттаған.

Тәжікстанның монополияға қарсы күрес қызметінің мәлімдеуінше, бағаның көтерілуіне Қазақстаннан келетін бензиннің қысқаруы, сонымен бірге Ресейде жанармай бағасының көтерілуі себеп болған.

«Қиын болып тұр, бірақ басқа амал жоқ. Жұмыс үйден алыс, сол себепті қымбат бензин сатып алуға мәжбүрмін», — дейді Душанбе тұрғыны Хуршед Сафаров.

Тағы бір автокөлік жүргізуші Әлішер Сүйінов бензин үнемдеу үшін моторды қыздырып қоюдан бас тартқанын айтты.

Жанармай бекетіндегілер бензин бағасының көтерілуіне қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Тәжікстанның монополиямен күрес қызметінің жоғары лауазымды қызметкері Раджабәли Махсиддинсозданың мәлімдеуінше, бензин мен дизельдің қымбаттауы өнімнің Қазақстаннан аз келуіне байланысты болып отыр. «Сол себепті біздің компаниялар отынды Ресейден қымбатқа алуға мәжбүр», — деді ол.

Еске салайық, 2021 жылы Ресей Тәжікстанға 830 мың тонна мұнай өнімін жеткізетіні хабарланған.

Махсиддинзоданың айтуынша, Тәжікстанда отын бағасының көтерілуіне әлемнің мұнай нарығында мұнайдың қымбаттауы да әсер еткен. «1 қаңтарда бір баррель мұнай шамамен 52 доллар болса, қазір 65 доллардан асып кетті», дейді шенеунік.

Тәжікстанда жанармайдың қымбаттауы азық-түлік пен басқа да тауарлар бағасының көтерілуіне әсер еткен.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM