Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан билігі танымал экономикалық эксперттің ұлдарына іздеу жариялады

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан билігі экономикалық мәселелер бойынша сарапшы Абдуманнон Шералиевтің шетелде тұрып жатқан екі ұлына іздеу жариялады.

25 жастағы Холид Абдуманнон мен 22 жастағы Хишом Абдуманнон Тәжікстанда тыйым салынған ұйыммен қызметтеседі деген күдікке ілінген.

Соғды облысының құқық қорғау органдарындағы дереккөзі оларға іздеу жариялағанын растады.

Олардың әкесі, экономикалық сарапшы Абдуманнон Шералиев екі ұлының соңғы жеті жылдан бері шетелде тұрып жатқанын, ешқандай да ұйымға мүше емес екенін жеткізді.

Шералиевтің өзіне 2020 жылы қылмыстық іс қозғалған. Ол Тәжікстанда тыйым салынған Исламның қайта жаңғыруы партиясының жақтаушысы болған.

«Мүмкін менің ұлдарым әлеуметтік желілерде Тәжікстан билігін сынап жазған постардың біріне «лайк» басқан болар. Мүмкін бұл кіші ұлым Хишомның жүргізетін Ютуб-каналына байланысты болар», — дейді Абдуманнон Шералиев.

49 жастағы Абдуманнон Шералиев Тәжікстан ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Ұзақ жыл бойы Худжанд қаласында жеке кәсіппен айналысқан. 2015 жылдан бері шетелде тұрады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM