Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан мен Қырғызстан топографтары Душанбеде кездесті

KAZAKBOL.COM

5-10 сәуір аралығында Тәжікстан мен Қырғызстанның тәжік-қырғыз мемлекеттік шекарасын белгілеуге арналған топографиялық жұмыс топтарының кездесуі өтті.

Жүздесу нәтижесінде хаттама қабылданды. Көрші елдердің жұмыс топтары қандай да бір орталық келісімге келген-келмегені жөнінде мәлімет жоқ.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі үкіметаралық жұмыс топтарының келесі кездесуі Қырғызстанда өтетінін хабарлады.

Душанбедегі кездесу қарсаңында былтыр Тәжікстан мен Қырғызстан топографтары тәжік-қырғыз шекарасының тағы 81 шақырымының сипатын дайындағаны мәлім болды. Олардың нақты қай жерлер екені хабарланбады.

2021 жылғы қазанға дейін көрші елдердің мамандары сегіз мәрте кездескен. Содан бері екі елдің топографтары жүздеспеген.

Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара 970 шақырымға созылып жатыр, соның әзірге 519 шақырымының ғана ресми мәртебесі анықталған. Екі ел арасындағы даулы жерлерде көрші тұрғындар үнемі жанжалдасып қалады. Былтыр сәуір айында болған қарулы қақтығыс кезінде екі жақтан да ондаған адам қаза тапты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM