Пянж ауданындағы базарда газ баллоны жарылып, ауруханаға түскен 28 адамның жағдайы жақсарып келеді деп хабарлады аудандық аурухана дәрігерлері. Зардап шеккендердің екеуі сәби — 3 және 4 жаста.
Пянж аудандық аурухана бас дәрігері Махмади Самиев 8 адам жансақтау бөлімінде екенін, жағдайы әлі ауыр екенін жеткізді. Олардың денесінің 70-80 пайызы күйік шалған.
Бас дәрігер науқастарға тегін ем көрсетіліп жатқанын, дәрі-дәрмектер де тегін берілетінін мәлімдеді.
20 мамырда базар маңындағы тез тамақтану орнында газ баллоны жарылып кеткен. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша, жарылыс себебі қауіпсіздік ережесінің сақталмауынан деп отыр.
KAZAKBOL.COM