Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан: Ресей түрмесіндегі тәжік азаматтары Украинаға соғысқа өз еркімен барған

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның еңбек, миграция және халықты жұмыспен қамту министрлігі Ресей түрмелерінде отырған тәжік азаматтары Украинадағы соғысқа өз еркімен барғанын жеткізді.

Мекеменің еңбек мигранттарымен жұмыс істейтін бөлімінің басшысы Шухрат Ахмадзоданың сөзінше, «жаза мерзімін өтеп жатқан тәжікстандықтар Украинадағы соғысқа Ресей заңдарына сәйкес және өздері келісім бергеннен кейін» мобилизацияланған.

Шенеуніктер бүгінгі күнде орыс түрмелерінде қанша тәжік азаматы қамауда отырғанын нақты айтпады.

Ал абақтыдан Украинаға жөнелтіліп, сол жерде қаза тапқан тәжікстандықтардың туыстары оларды соғысқа күшпен алып барғанын айтады.

Архангельск қаласындағы абақтыда жазасын өтеп жатқан 39 жастағы Максад Курбоновтың әкесі Файзулло Курбоновтың сөзінше, ұлын соғысқа мәжбүрлеп алып барған және ол Бахмут қаласына жақын жердегі шайқаста көз жұмған.

«Ұлыммен соңғы рет былтыр қазан айында телефонмен сөйлестім. Онда Максад оларды Мариуполь қаласына жөнелтіп жатқанын айтқан. Мен одан «мәжбүрлі түрде ме, әлде өз қалауыңмен бара жатсың ба?» деп сұрадым. Ол түрме басшысы Мариупольға жөнелту үшін 100-ден астам адамның тізімін жасағанын» айтып, «телефон соқпай қалсам, алаңдамаңыздар» деп ескертті», — деді Файзулло Курбонов.

Орыс түрмелерінен Украинаға қанша тәжік азаматтары жөнелтілгені жөнінде нақты мәлімет жоқ. «Озоди» радиосы дереккөзіне сүйеніп, абақтыдан соғысқа барған 10 тәжікстандық қаза болғанын хабарлады. Олардың алтауының сүйегі Тәжікстанға жеткізілген.

Құқық қорғаушы Каримжон Ёровтың сөзінше, орыс түрмелерінде қамауда отырған 10 мыңға жуық тәжікстандықтың 1,5 мыңы өз қалауымен Украинадағы соғысқа баруы мүмкін. Олардың көбі өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар және есірткі тасымалымен ұсталғандар болуы мүмкін.

Орыс түрмелерінен Украинадағы соғысқа жөнелтілген тәжікстандықтар туралы құқық қорғаушының пікірі:

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM