Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстандағы ең үлкен мешіт 8 маусымда ашылады

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда Катар қаражатына салынған ең үлкен мешіт 8 маусымда ашылады. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметінің биліктегі екі дереккөзі хабарлады.

Олардың айтуынша, мешіттің ашылу салтанатына Душанбеге Катардан лауазымы жоғары адамдардан тұратын делегация келеді. Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі осындай сапар болатынын растады, бірақ Катар үкіметінің делегациясы құрамында кімдер бар екенін айтпады.

Бұған дейін хабарланғандай, жобаға 100 млн доллар жұмсалған. Қаражаттың 70 пайызын Катар, қалғанын Тәжікстан үкіметі берген.

Душанбедегі жаңа орталық мешітке 120 мың адам сияды. Ол 12 гектар жерге орналасқан. Төрт мұнаралы мешітте үлкен және шағын зал, кітапхана, мұражай, конференц-зал және қонақ күтетін зал бар.

Республикадағы ең үлкен мешіттің алғашқы кірпішін 2009 жылы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 2009 жылғы қазанда қалаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM