Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда ұн қымбаттап, сауда уақытша тоқтады

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда ұн тағы қымбаттады. Бейсенбі күні 50 кг тартатын бір қап ұнның бағасы 270-280 сомонидан 290-325 сомониге (шамамен $30) қымбаттады. Саудагерлердің кейбірі ұнды сатуды тоқтатып қойды.

Азаттық радиосы Тәжік қызметінің журналистері бейсенбі күні таңертең Душанбедегі «Саховат» базарына барып, саудагерлердің қымбаттаған ұнды сатпай отырғанының куәсі болды. Базардағы жәрмеңкеде бір қап ұн 290 сомони тұрады, ал кейбір дүкендерде 325 сомониден сатылады. Астанадағы автовокзал маңындағы базарда бір қап ұн 300 сомониден саудаланды. Тұтынушылардың айтуынша, екі күн бұрын ұнның бір қабы 260 сомони болған. Душанбенің шеткері аудандарындағы базарларда қазақстандық ұнның бір қабы 320 сомонидан қымбат тұрады.

Базарлардың кейбірінде адамдар ұн кезегінде тұр. Тұрғындар мұнда азық-түлік қымбаттайды дегенді естіп келген. Олар саудагерлердің дүкендерін жауып қойғанына наразы. «Ұн жоқ дейді. Мұнда үнемі бір көлік ұн тұратын. Қазір жоқ. Базарды аралап шықтым, дүкендердің дені жабық. Ұнды қайдан сатып аламыз? Айлығымыз 800 сомони, күнде нан сатып алуға ақша жоқ», дейді Душанбенің бір тұрғыны.

Астана базарларындағы жауапты тұлғалар ұн қымбаттағанын растады, бірақ ол тұрғындарды қымбат тауарды сатып алуға ұмтылмауға үндеп отыр. Базар өкілдері жағдай бірнеге күннен соң түзеледі дейді. «»Қоймада 300 тоннадан астам ұн жатыр», — «Дехкон» базарының директоры Мастон Шарифов.

Саудагерлер ұнның қымбаттауын доллардың сомониге шаққандағы бағамының көтерілуімен байланыстырды. Тәжікстанда доллардың ресми бағамы 9 наурызда күрт көтерілді: банктерде 100 долларға 1300 сомони береді. Саудагер Холмұхаммад Ортиковтың айтуынша, кәсіпкерлер ұнды Қазақстаннан долларға сатып алады, Тәжікстанда сомонимен сатады.

Тәжікстанның монополияға қарсы агенттігінің бір өкілі «бағаны бақылауда ұстап отырмыз» деп мәлімдеді.

Тәжікстан ұн мен астықты Қазақстаннан импорттайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM