Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда ұн бағасы өсіп жатыр

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда жанармайдың артынан ұн бағасы да қымбаттады. Бүгінде Душанбеде 50 келі ұн 235-255 сомони тұрады, ал аймақтарда — 290 сомони (25 доллар). Сатушылар мұны Қазақстанда ұн бағасының қымбаттауымен түсіндіреді.

Ұн сатушылар баға одан әрі де өсуі мүмкін дейді. Себебі, Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі биыл астықты сатып алу бағасы былтырғыға қарағанда 24 процентке қымбат болатынын ескерткен.

Тәжікстан астық пен ұнды толығымен Қазақстаннан әкеледі. Қазақстан ұн экспортын азайтып, керісінше астық сатуды арттырып жатыр.

Ұн — Тәжікстанның негізгі азығы. Бір адам бір айда шамамен 13 келі нан мен ұн тағамдарын қолданады екен. Орта есеппен көп балалы отбасылар айына екі қап ұн пайдаланады.

Тәжікстан халықты ұнмен толық қамту үшін жылына 1,7 млн тонна астық өндіруі керек.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM