Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда әскерге жаңадан қабылданған сарбаздарды ұрғандарға үкім шықты

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда шекара әскерінің бір бөліміндегі жеті сарбаз бен бір офицерге үкім шықты. Олар әскерге жаңадан қабылданған сарбаздарды аяусыз ұрғаны туралы видео әлеуметтік желілерде таралғаннан кейін ұсталған.

Үкімді 30 мамырда Тәжікстан Жоғарғы соты Әскери сот алқасы шығарды. Сот процесі Худжанд әскери гарнизонының ғимаратында өтті.

Билік үкім мазмұнын жарияламады. Әскери сот алқасы 31 мамырда үкім әлі күшіне енбеді деген сылтаумен үкімге қатысты пікір айтудан бас тартты.

Екі дереккөздің Азаттықтың Тәжік қызметіне хабарлауынша, сержант Жонибек Косимзода 9,5 жылға, подполковник Нузхат Лазуриев 11,5 жылға сотталған. Олар «билікті немесе қызмет бабын асыра пайдаланды» деп айыпталған.

Жоғарғы соттың әскери алқасы бұрынғы сарбаздар — Фахриддин Әзімовті 9,5, Аъзам Камоловты 11,5, Махмадназар Нозимовты 9,5, Ходжиақбар Сайфуллоевты 11,5, Суннатулло Холматовты 9,5, Шамсулло Юсуповты 11,5 жылға соттаған.

Дереккөздер мәліметінше, сот олар «жарғы ережелерін бұзды» деп тапқан. Азаттық тілшісі сотталғандардың туыстары мен адвокаттарының сот үкіміне қатысты пікірін біле алмады.

Мәліметтерге қарағанда, әскерге жаңадан қабылданған сарбаздарды ұрғаны туралы видео Тәжікстан шекара әскері бөлімінде 2022 жылдың аяғында түсірілген, бірақ ол әлеуметтік желілерге биыл көктемде әскерге қабылдау науқаны жүріп жатқан уақытта жарияланған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM