Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда ауған босқындарына психологиялық көмек көрсетіле бастады

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның «Ориёно» орталығында тұрып жатқан ауған босқындарына компьютерлік сауат, сурет өнері және шет тілі үйретіле бастады. Ал қыз-келіншектерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Орталықта тұрып жатқан ауған әйелінің бірі Шакила Мухаммади ұзаққа созылған депрессиясымен жұмыс істеп жатқанын айтады.

«Ауған босқындары, оның ішінде әйелдер стрессте өмір сүреді. Мұның бәрі экономикалық, әлеуметтік тұрақсыздыққа байланысты», — дейді ол.

Үш жыл бұрын аталған орталықта тұратын ауған босқындарына тек ағылшын және орыс тілін үйрететін. Қазір компьютерлік сауат, сурет өнері, тіпті йога сабақтары да жүреді. Босқындармен бірге Тәжікстанның шалғай жерінде тұратын 300 жергілікті тұрғын да осында тегін курстар оқып жүр.

«Ориёно» орталығы 2020 жылы ауған босқындарының ақшасына құрылған.

2021 жылдың тамыз айында Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен кейін мыңдаған тұрғын Тәжікстанға қарай қаша бастаған. Қазір ресми мәлімет бойынша Тәжікстанда 10 мың ауған тұрады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM