Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда банкоматтар бірнеше күннен бері бос тұр (видео)

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның барлық аймағында банкоматтардың бос тұрғанына төрт күн болды. Қолма-қол ақшадан тарыққан тәжікстандықтар банк кассаларында ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр.

Басқа өңірдегі жүздеген адам қолма-қол ақша іздеп Душанбе қаласына келді. Банктегі қызметкерлердің айтуынша, қолма-қол ақшаға сұраныс артқандықтан ақша тапшылығы пайда болды деп жауап береді, бірақ қағаз ақшаның жоғалып кетуінің нақты себебін айтпайды.

Тәжікстан астанасындағы банк бөлімшелеріндегі кезек демалыс күндері басталды. «Маған Ресейден ақша жолдады, бірақ оны шешіп ала алмай жүрмін», — дейді кезекте тұрған әйелдердің бірі.

«Біздің қалада бір банкоматта да ақша жоқ. Кассаға баруға тура келді», — дейді қолма-қол ақша үшін астанаға келген бір азамат.

«Банкте ақша жоқ дейді. Сонда да күтіп тұрмыз. Кезекте таңғы сағат бестен бері тұрмын», – деп шағымданды бір кісі.

«Мен картадағы ақшамды шешіп алу үшін Вахдат қаласынан келдім, ал мұнда кезекте тұрғандар одан да көп екен», – деп ашуланды тағы бір кісі.

Экономист Хожимұхаммад Умаровтың айтуынша, Тәжікстанда шынымен қолма-қол ақша жетіспейді, себебі Тәжікстан ұлттық банкіндегілер сомониге қосымша эмиссия жүргізуге қорқып отыр. Жергілікті валютаның жағдайы онсыз да мәз емес. Оның құнына Ресейдің Украинаға басып кіруі кері әсер етті. Маманның пікірінше, айналымдағы ақшаны қысқарту арқылы билік инфляцияны азайтқысы келеді.

Умаровтың айтуынша, Тәжікстанда тұрғындар қолма-қол ақшамен есеп айрысқанды жақсы көреді, олар банк карталарымен төлегісі келмейді, ал қаржы мекемелері азаматтардың қолма-қол ақшасыз есеп айрысуын ынталандырғысы келмейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM