Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда ірі көмір ұрлау оқиғасы тергеліп жатыр

KAZAKBOL.COM

Соғды облысының Тоолуу-Матчин ауданында көмір ұрлау айыбымен ұсталған алты адамның туыстары олардың тағдырына алаңдайтынын жеткізді.

Күдіктілердің туыстарының айтуынша, облыстық ішкі істер басқармасы бір айдан бері қамаудағы жақындарын көруге рұқсат бермей жатыр.

«Оларды Хожент қаласына алып кетті. Содан бері көре алмай келеміз. Түрлі сылтау айтып кездестірмейді. Біз көмір ұрлады деген жерге барып, күдікті дегендердің күзетшіден 300 келіден 11 тоннаға дейін көмір сатып алғанын анықтадық. Біз 48 тонна көмірдің қалайша ұрланғанын түсінбейміз», — деді Бузургхожи Максудов деген күдіктінің ағасы Мустафохужа Максудов.

Құқық қорғау органдары биыл 3 қарашада аталған аудандағы «Иван-тәжік» жамағатының алты тұрғынын «Кудрат 2010» компаниясының қамбасынан көмір ұрлады деген күдікпен ұстаған. Тұрғындар болса, оларға жала жабылғанын айтады.

Күдіктілердің бірі аудандық төтенше жағдайлар басқармасында істегендіктен, бұл істі әскери прокуратура зерттеп жатыр.

Мәліметке қарағанда, күдіктілер 25-34 жас аралығында. Тергеу есебі бойынша, олар аталған көмір компаниясына 28 мың сомони көлемінде зиян келтірген.

Тоолуу-Матчин аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті алты тұрғыны «Кудрат 2010» компаниясының арызы негізінде қамалғанын айтты. Бірақ аталған компания өкілдері пікір білдіруден бас тартты.

«Кудрат 2010» компаниясы Тоолуу-Матчин ауданындағы «Гузн» көмір кенінде бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. Озоди радиосының дереккөзінше, бұл компания президенттің отбасы мүшелеріне тиесілі.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM