Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда «Мадина ісі» бойынша айыпталушылардың біріне үкім шықты

KAZAKBOL.COM

«Мегафон-Тәжікстан» компаниясының қызметкері Парвиз Давлятов Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпты деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ сот оған рақымшылық заңын қолданып, жаза мерзімін 5,5 жылға қысқартты.

Парвиз Давлятов пен оның әйелі Азиза Давлятова Душанбе қаласының тұрғыны Мадина Мамажонованы соққыға жығып, азаптаған деп айыпталған.

Жергілікті агенттіктердің ақпаратына қарағанда, Давлятовқа қарсы сот үкімі 14 желтоқсанда оқылған. Ол «Ұрып-соғып қинау, «Көп әйел алу» және «Өз өлімін қиюға дейін жеткізу» баптары бойынша кінәлі деп танылған. Енді оның әйелі Азиза Давлятоваға қарсы іс әрі қарай жалғасып жатыр. Сот процесі жабық өтіп жатыр.

32 жастағы Мадина Мамажонова биыл 25 тамызда азаптау белгілерімен ес-түсін жоғалтқан күйі ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның әлі комада жатқанын айтады.

Бұл оқиғаға қоғам белсенділері кірісіп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап еткен.

1 қарашада елдің бас прокуратурасы Мадина Мамажонованы ұрып-соққандардың ұсталғанын, оларға қарсы іс қозғалғанын мәлімдеген. Бірнеше күннен кейін күдіктілерді рақымшылық заңы бойынша босатқан Душанбе прокурорының бірінші орынбасары мен Сино-2 аудандық ішкі істер басқармасының жетекші орынбасары қызметінен алынды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM