БҰҰ Дүниежүзілік азық-тұлік бағдарламасының Тәжікстандағы кеңсесі республикада азық-түліктің кейбір түрлері наурыздың басындағы бағаға қарағанда сәл арзандағанын хабарлады.
Ұйым Тәжікстандағы азық-түлік бағасына қатысты есебін ай сайын жариялап отырады. 30 наурызда таратылған есепте өсімдік майы ай аяғында наурыздың басындағы бағаға қарағанда екі пайызға арзандағаны айтылған.
Картоп пен сәбіз бағасы бес пайызға түскен. Қазір Тәжікстанда картоптың бір келісі 4 сомони, сәбіздің бір келісі 2,4 сомони тұрады. Өсімдік майының бір литрі 25,6 сомониден сатылып жатыр.
Дегенмен Тәжікстанда ұн мен қант 15-16 пайызға қымбаттаған.
Ресей Украина аумағына басып кірген уақытта Тәжікстанда азық-түлік қымбаттап кетті. Себебі Тәжікстанның басты экономикалық әріптесі саналатын Ресейге қарсы Батыс елдері санкция салды.
Ресей рублінің әлсіреуі Тәжікстан ұлттық валютасы — сомони құнсызданды. Өйткені Тәжікстан азық-түліктің көбін шетелден сатып алады.
KAZAKBOL.COM