Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбек телеканалына азаматтардың жеке өміріне қол сұқпауын ескертті

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан Әділет министрлігі адам құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма азаматтардың жеке өміріне қол сұғуына байланысты «Менинг юртим» (MY5) телеканалы басшылығына ресми ескерту жасады.

Бұл арнаның журналистері саябақтарда құшақтасып, сүйісіп отырған жастарды жасырын камераға түсіріп, эфирден көрсетеді. Бұл жобаның авторы әрі жүргізушісі «бағдарлама әдептен асып кеткен жастардың жағымсыз қылықтарын жариялау арқылы қоғамды тәрбиелеу» деп мәлімдеді.

Ал Өзбекстанның әділет министрлігі жариялаған ресми хатта «Журналистің кәсіби қызметін қорғау жөніндегі» заңның 6-бабына сәйкес тілші азаматтардың құқығын, бостандығын, арын және жеке өмірін сыйлау керек» деп ескерткен.

Аталған мекеме жастардың әрекеттерінен заңға қайшы келетін оғаш қылық көрмейтінін де атап өткен.

Бағдарлама жүргізушісі Бадриддин Хусниддинов болса жасырын камераға түсіру кезінде кейіпкерлердің жеке өміріне қол сұқпағанын айтады. 22 жастағы жүргізуші бұл жұмысын әрі қарай жалғастыра беретінін атап өтті.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM