Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда жол ережесін бұзған жаяуларға айыппұл көбейді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда жол ережесін бұзған жаяуларға салынатын айыппұл көлемі өсті.

Бұған дейін мұндай айыппұл көлемі 7-60 сомони аралығында болса, қазір жол ережесін бұзған жаяулар 120 сомониге дейін айыппұл төлейді. Тұрғындар болса Тәжікстанның көптеген қалаларында тротуарлар, бағдаршамдар, жоласты өткелдері жоқ деп отыр.

Тәжікстан бас прокурорының орынбасары Мирзоамон Рафизода 3 қарашада парламенттің төменгі палатасы жиналысына қатысып, биыл жол ережесі 826 мың рет бұзылғанын айтты. «Солардың 274 мыңын жаулар бұзған», — деді ол.

Заң шығарушылар айыппұлды көбейту арқылы жол ережесін бұзу көрсеткішін азайтуға болады деп есептейді. 3 қарашада парламент заңдарға жол ережесін бұзған жаяуларға салынатын айыппұлды 120 сомониге (шамамен 10 доллар) дейін өсіру туралы өзгерту ұсынды.

Ресми статистика бойынша, былтыр Тәжікстанда 1100-ден астам жол апатынан 376 адам опат болып, 1263 адам жараланған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM