Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанның бас прокуроры президент Рахмонмен құда болды

KAZAKBOL.COM

Душанбенің «Магнолия» мейрамханасында 4 қарашада ел президенті Эмомали Рахмонның кіші қызы мен бас прокурор Юсуф Рахмонның ұлының үйлену тойы алдындағы «оши нахор» рәсімі өтті.

Фарзоны Рахмон мен Сафархон Юсуф Рахмонның неке қию рәсімі мен үйлену тойы осы аптаның соңында өтеді деп хабарлайды дереккөз.

Бас прокурордың ұлы Сафархон Рахмон сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері басқармасында жұмыс істейді. Ал Фарзоны Рахмонның немен шұғылданатыны белгісіз.

Дереккөздің мәліметінше, той өтер алдында “Магнолия” мейрамханасына күрделі жөндеу жүргізіп, оған барар жолдарды да жөндеген. Бұл мейрамхана елдегі жоғары лауазымды шенеуніктердің біріне тиесілі. Заң бойынша, мемлекеттік қызметкерлерге жеке кәсіппен айналысуға тыйым салынған. Бұл мейрамхананы шенеуніктің қандай қаражатқа соқтырғаны да белгісіз.

Президенттің үлкен қызы Озоды Рахмонның күйеуі Джамолиддин Нуралиев таяу уақытқа дейін Ұлттық банктің төраға орынбасары қызметін атқарып келді. Бұдан бөлек Душанбе-Худжанд ақылы тас жолының салығын жинайтын IRS компаниясына иелік етеді. Нуралиевтің өзі мұны жоққа шығарады. Ал компания офшорлы Виргиния аралдарында тіркелген.

Президенттің төртінші қызы Рухшона Рахмонның күйеуі Шамсулло Сохибов Тәжікстандағы жанар жағар май нарығын монополиялап алғаны айтылады. Рухшонаның өзі Ұлыбританиядағы Тәжікстан елшісі.

Президенттің үшінші қызы Тахмина Рахмонның күйеуі Зарифбек Давлатов кәсіпкер. Бұл отбасы әуе билеттерін сататын агенттікті басқарады.

Президенттің тағы бір қызы Парвины Рахмонның күйеуі Ашрафджон Гулов Түркиядағы Тәжікстан елшісі.

Тағы бір қызы Заррина Рахмон Тәжікстанның байланыс қызметі басшысының ұлы Бега Сабурға күйеуге шыққан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM