Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанның оңтүстігін шегіртке басты (видео)

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Кушониён ауданында жүздеген гектар жердегі егістік пен жайылымды шекіртке жеп қойды.

Тұрғындар шегіртке шабуылына тойтарыс бере алмай жүр. Тракторшы Идибек Абдуллоев бір айдан бері егістікке жәндіктерді өлтіретін химиялық зат сеуіп келеді.

«Олар таңертең ерте ұшып келеді. Біз шегірткелерді өлтіріп жатырмыз, азайғандай болды. Умарказок елді мекенінде олар қаптап жүретін. Тағы бірнеше тракторшы басқа аудандарда жүмыс істейді. Трактор жүре алатын жерлердің бәріне химиялық зат сеуіп тастадық», — дейді ол.

Тұрғындар шегіртке көршілес Вакш ауданынан ұшып келіп жатқанына шағымданды. Бұл аудан жәндіктермен күреспейді дейді олар. Қазірдің өзінде шегіртке ондаған гектар жайылымды бүлдірген.

«Үй жануарлары бізге сүт, ет пен май береді. Жайылымды шегіртке жеп кетсе, жануарлар ашығады. Олар мал шаруашылығына да кесірін тигізіп жатыр», — дейді тұрғындардың бірі.

Хатлон облысындағы егістік пен жайылым бұған дейін де шегіртке шабуылына ұшыраған. Былтыр жәндіктер көкөніс алқабын бүлдірген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM