Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанның солтүстігінде мыңдаған тұрғын алтын өндіру арқылы ақша таба бастады

KAZAKBOL.COM

Соғды облысында 3,5 мың адам алтын өндіруге байланысты лицензия алған. Тәжікстан билігі 2019 жылы жеке тұлғаларға бағалы және қымбат металл мен тастарды өндіруге рұқсат берген.

Қымбат металл мен тастарды өндірген жеке тұлғалар оны міндетті түрде үкіметке және лицензиясы бар кәсіпорынға сатуы тиіс.

Ашт ауданының тұрғыны Отабек Усмонов биыл екінші жыл Зарафшан өзенінен алтын іздеумен айналысады. Ол бағалы металдарды ашық түрде, жерді қазып, оны өзенге жуу арқылы іздейді. Ол бұл жұмысын Ресейге барып ашқа тапқаннан әлдеқайда жақсы дейді.

«Алтын іздеу тәжірибесі бар. Қажетті рұқсат алу құжатын алдым. Осыған дейін Ресейдің Сібірінде осындай жұмыс істеп, күніне 2 мың рубль табатынмын. Ал мұнда 4 грамм алтын тапсаң, 50 доллар көлемінде ақша аласың», — дейді ол.

Соғды облысы әкімшілігі мәліметінше, соңғы бір жарым жылда 3,5 мың адам лицензия алған. Лицензия алу құны 80 сомони тұрады.

Тәжікстанда Зарафшан, Пяндж, Кофарнихан өзендері мен Таулы Бадахшанда алтын көп.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM