Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Төлешовтің меншігіндегі зауыт Ахметжан Есімовтің күйеу баласына өтіп кетті

KAZAKBOL.COM

Тоқтар Төлешов қызымен бірге. Фото: әлеуметтік желі

Дүйсенбі күні Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған әскери соты атышулы шымкенттік бизнесмен, билікті күшпен басып алмақ болды деп, басқа да ауыр баптармен айыпталған Тоқтар Төлешов пен оның сыбайластарына қатысты  үкімін шығарды.

«Сыра ханзадасы» 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді деп жазады Рейтинг газеті.

Тоқтар Төлешовтің заңсыз жолмен тапқан мүліктері, атап айтқанда, «Митцубиси», «Тойота», «Бентли», «Шевролет», «Тойота Ланд Крузер 200», BMW, «Мерседес» ,  «Порш Кайен», «Тойота Камри», «Vw Passat», «Тойота Прадо», «Инфинити», «Rolls-Royce», Лексус-250 автокөлітері мен 20 жылқысы, екі түйесі, жер телімдері тәркіленді.

Сондай-ақ зергерлік бұйымдар жасайтын 22 нысаны, Төлешовтің және оның отбасы мүшелері Оразгүл Жұмабаеваның, Надя Есенбаеваның, Сәуле Сауқанбаеваның, Дина Нұрәлиеваның банктік карточкаларындағы ақшасы, 183 дана зергерлік әшекей бұйымдары, айғақ ретінде алынған ер адамның сағаты, Досамбаевадан алынған 50 мың доллар, 18 мың доллар, 855 еуро, 1370 рубль 15 лир және 91 мың өзбек сомы мен 5 281 теңге де мемлекет меншігіне алынатын болды.

Төлешовтың иелегінде атақты «Шымкентсыра» зауыты ол ұсталған кезде-ақ кепілде тұрған банктің меншігіне өтіп кеткені белгілі. «Шымкентсыраның»  ендігі қожайыны Ахметжан Есімовтың күйеу баласы Ғалымжан Есенов құрылтайшылық ететін  АТФ банкі.

Яғни, бір кездері отбасылық той-думаннан қолдары босамайтын Төлешовтың әулеті ештеңесіз қалды деуге болады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM