Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәні саудың — жаны сау

KAZAKBOL.COM

Ақтау және Ақтөбе қалаларында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының спорт тарихындағы ең ауқымды қысқы Спартакиада кезеңі өтті.

 

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында әр әскери қызметші өзінің  дене даярлығы деңгейінің дәрежесі, оның болашақ жеңістері мен оған қойылған жауынгерлік тапсырманың сәтті орындалуындағы шешуші жолдарының бірі болып табылатының анық түсінеді. Осы орайда, өңірлік қолбасшылықтың спортшы-жауынгерлері сегіз күн бойы спорттың бес түрінен бесекеге түсіп, өзара үздіктерін анықтады.

Қаңтар айының аяғында Ақтау қаласындағы 25744 және Ақтөбе қаласындағы 30238 әскери бөлімдерінің базасында кір тасын көтеру, әскери қоян-қолтық ұрысы, волейбол, Президенттік көпсайыс және шаңғы жарысынан қысқы Спартакиада өткізілген болатын. Бұл сайыс басқа жылдармен салыстырғанда ең ауқымды болып тұр, себебі биыл оған ұзын саны 200-ге жуық әскери қызметші қатысты.

Кір тасын көтеру сайысында командалық есепте 41433 әскери бөлімінің жауынгерлеріне ешбірі тең келе алмады. Жеке есепте майор Айдос Жаканбаев, кіші сержант Асхат Ильяс және қатардағы жауынгер Евгений Печерских, алдыңғылардың қатарынан көрініп, екінші разрядты нормативті орындай алды.

Волейбол ойынынан 25744 әскери бөлімінің командасы ешкімге дес бермей, қара беретті қыз-келіншектер ұжымы барлық қарсыластарынан басым түсті. Спартакиада барысында ең тартымды және қызықты спорт түрі — әскери қоян-қолтык күресі болды. Бұл жекпе-жектердің барлыы да тартысты өтіп, нәтижесінде Атыраулық әскерилер жеті жүлделі, оның ішінде бес бірінші орын алып, барлығына шаң жұттырды.

Президенттік көпсайыс жарысы көрермендер үшін ең әсерлі және қайталанбас  эмоцияларға толы болып өтті. Қатысушылар саны мен олардың дайындық деңгейінің жоғары болуынан ба, бұл жарыстың қатысушылары мәре сызығынан бастап бір-біріне  берілмей бар күш-жігерлерін салды. Үй алаңының демеуі жақсы болғандынан ба, әйтеуір сайыс нәтижесінде командалық есепте Ақтөбелік 30328 әскери бөлімі бірінші орынға қол жеткізді. Шаңғы жарысынан да, осы бөлімнің  әскери қызметшілері  сержант Тимур Кенжегарин мен сержант Айнагүл Кусмагамбетова, тартысты бәсекеде алға суырылып шықты.

Қысқы Спартакиданың нәтижесі бойынша, командалық есептегі бірініші орынды — 30328 (Ақтөбе) әскери бөлімі, екінші орынды — 41433 (Атырау) әскери бөлімі, үшінші орынды — 25744 (Ақтау) әскери бөлімі иеленді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының дене дайындығы және спорт қызметінің бастығы Қанат Махамбетовтың айтуы бойынша: — Спартакиада жақсы деңгейде өтті. Жыл сайын бұл біріншілікке көп көңіл бөлініп, әскери бөлімдерде тиісті материалдық базалардың жақсаруына байланысты, жылдан жылға қатысушылар саны артып, бәсекелестіктің жоғарлау тенденциясын байқаудамыз. Осының арқасында, біздер Қарулы Күштердің біріншілігінде де жақсы нәтиже көрсетуді көздеп отырмыз.

Өткізілген біріншіліктің нәтижесі бойынша өңірлік қолбасшылықтың құрама командасы жасақталып, Қарушы Күштердің Спартакиадасына қызу дайындық басталып кетті. Батыстың айбынды жауынгерлеріне бұл жарысқа жан-жақты дайындалып, намысты қолдан бермей, Қарулы Күштердің үздіктері қатарынан көрінуге шын жүректен тілектеспіз.

фото пресс-службы Управления командующего войсками
регионального командования «Запад»
фото пресс-службы Управления командующего войсками
регионального командования «Запад»
фото пресс-службы Управления командующего войсками
регионального командования «Запад»
фото пресс-службы Управления командующего войсками
регионального командования «Запад»
фото пресс-службы Управления командующего войсками
регионального командования «Запад»
фото пресс-службы Управления командующего войсками
регионального командования «Запад»

 

 «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері

Басқармасының баспасөз қызметі бастығы

аға лейтенант Рустем  Игисинов

 

Байланыс: 60071, 87776411172

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM