KAZAKBOL.COM

Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Душанбеде 27-28 қыркүйекте өтетін ТМД басшыларының саммитіне қатыспайды. «Бейтарап Түркіменстан» үкіметтік газеттің жазуынша, саммитке елдің вице-премьері барады.

Түркімен президенті 29 қыркүйек- 2 қазан аралығында Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының 73-сессиясына қатысу үшін Құрама Штаттарға атанады екен.

ТМД төрағалығы бұл жолы Тәжікстаннан Түркіменстанға өтеді. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзі төрағалық еткен жылдарға есеп беріп, басқару тізгінін енді биресми түрде Түркіменстан үкіметіне тапсырады. Ашхабад билігі ТМД елдерінің дамуы Тұжырымдамасын жариялауы тиіс.

Саммитке Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) мүшелері Владимир Путин, Александр Лукашенко, Ильхам Алиев, Армен Саркисян, Нұрсұлтан Назарбаев, Шавкат Мирзияев, Сооронбай Жээнбеков және Игорь Додон барады деп күтіледі.

Әзірге Киев саммитке шақыруға жауап бермеген. Украина ТМД құрамынан шығамыз деп мәлімдегенімен, әлі заңды түрде ТМД мүшесі.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя