Түркіменстан президенті немересімен өзі шығарған әнін сахнада орындады. Бұл жолы үш тілде айтты.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов немересі Керимгулымен «Арман» («Arzuw») әнін 21 желтоқсанда «Мизан» орталығында Жаңа жылдық концертте орындады деп хабарлайды жергілікті ресми ақпарат құралдары.
Әннің сөзін Гурбангулы Бердімұхамедовтің өзі, ал музыкасын немересі Керимгулы жазған.
«Ән ерекше стильде, көркем әрлеумен үш тілде — түркіменше, ағылшынша және немісше орындалды. Әннің әдемі әуезі көрермендердің жанына терең бойлап, ерекше күйге түсірді. Бұған куә — халықтың ұзақ қошемет көрсетуі», — деп хабарлайды «Түркіменстан Алтын ғасыр» ресми басылымы.
Биыл жазда Бердімұхамедовтің орындауындағы «Қарақұм» әні де Түркіменстанда біраз уақытқа дейін «хит» болған.
2015 жылы президенттің «Алға, алға және алға, мекенім Түркіменстан!» деген әнін төрт мың адам орындап, Гиннестің рекордтар кітабына енген.
KAZAKBOL.COM