Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тұтқындағы қырғыз экс-депутатын Қазақстан азаматтығынан айырған

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда «контрабанда қылмысына қатысы бар» деген күдікпен ұсталып, Алматыда абақтыда отырған Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты Дамирбек Асылбекуулу Қазақстан азаматтығынан айрылған, оған берілген Қазақстан азаматының паспортының күші жойылған.

Дамирбек Асылбекуулуның қазір Қазақстанда өтіп жатқан сот процесіне Қырғызстан азаматы ретінде қатысып жатқанын Қырғызстанның Бас прокуратурасы растады.

2018 жылы ақпанда Алматыда трансшекаралық контрбандаға қатысы бар деген күдікпен ондаған адам, оның ішінде Қырғызстан парламентіндегі «Қырғызстан» фракциясы депутаты Дамирбек Алмасбекуулу бар, Қырғызстанның үш азаматы қоса ұсталған.

Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Дамирбек Асылбекуулуның Қазақстан азаматы екені туралы хабарлаған. Депутаттың әкесі бұл ақпаратты жоққа шығарып, баласының Ыстықкөл облысы Қаракөл қаласында туғаны, сонда өсіп, білім алғаны және Қырғызстан азаматы екені туралы мәлімдеген.

Сәуір айында Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы Дамирбек Асылбекуулун депутаттық мандатынан айырған. Өзге адамдармен бірге айып тағылған Дамирбек Асылбекуулының үстінен қозғалған іс бойынша сот тыңдауы Алматы қаласының ауданаралық сотында қазанның 19-ында басталған. Сол күні Дамирбек Асылбекуулу Қырғызстан азаматы екенін мәлімдеп, өзінің ісін Қырғызстан сотының қарауына беру туралы өтініш айтқан.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM