Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев жергілікті тұрғын Күләш Жаппарованың 27-ші немересінің тұсауын кесті, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшіcі.
Күләш Жаппарова немересімен. Фото: NUR.KZ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістанда қала күні тойланып, салтанатты шарада шаһар басшысы 1 жастағы бүлдіршін Мағжан Әлішердің тұсауын кесіп, тәй-тәй қадам басқан балақайға өмірдің бар жақсылығын тіледі.
Әліпбек Өсербаев баланың тұсауын кесуде. Фото: NUR.KZ
4 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған кейуана Күләш Жаппарова әкімнің немересінің тұсауын кесу туралы өтінішін орындағанына дән риза. Алдағы уақытта немересі шаһар басшысы секілді ел билетін азамат болса деген ниетпен осындай өтініш айтыпты. Немересінің тұсауын кескен әкімге кейуана шапан жауып, алғыс айтты.
Әліпбек Өсербаев баланың тұсауын кесуде. Фото: NUR.KZ
Әліпбек Өсербаев баланың тұсауын кесуде. Фото: NUR.KZ
Айта кетейік, биыл Түркістанның 1516 жылдығы атап өтілді. Айтулы датаға орай қалада бірнеше нысандар пайдалануға берілді. Соның бірі – «Толағай» балабақшасы. Сонымен қатар қала күнінде корпустық жиһаз шығаратын кәсіпорын мен «Яссы құс» фабрикасының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шара концерттік бағдарлама жалғасты. Мұнан соң жұртшылық алаңдағы көрмені тамашалады. Қолөнершілердің туындыларымен танысқан Әліпбек Өсербаев түрлі ұлттың тағамдарынан дәм ауыз тиіп, иіліп сәлем салған жас келінге батасын берді.
Әліпбек Өсербаев түрлі ұлттың тағамдарынан дәм татуда. Фото: NUR.KZ