Фото: stan.kz

KAZAKBOL.COM

Араға үш ай салып ол қорғаушысымен бірге прокурорға әділдік іздеп келген.

Түркістанда ауыр қылмыс жасап қашып жүрген күдікті өз еркімен қадағалау органы өкілдеріне келді, — деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы қала прокуроры Руслан Әбдірайымов мәлімдеді. Қала прокурорының сөзінше, сезікті осы жылдың маусым айында зорлау қылмысын жасады деген күдікке ілінген болатын.
Алайда ол тергеу болып жатқанына қарамастан ізін суытқан. Оны табуға тәртіп сақшылары әрекеттенгенімен, нәтиже шықпапты.
Араға үш ай салып барып ол өзінің қорғаушысымен бірге прокурорға әділдік іздеп келгенін айтқан.

«Мұндай жағдай 17 жылдық тәжірбиемде алғаш рет болып отыр. Ауыр қылмыс жасағаны үшін 3 ай көлемінде іздеуде жүрген адам, заңды өкілімен бірге келді. Ол «Түркістан қалалық прокуратурасы туралы сырттай естіп жатырмыз, біздің іс бойынша әділ бағасын берерсіз деп» прокуратураға өзі келді.

Оның бұлтартпау шарасын күзетпен ұстау туралы сот қаулысы шыққандықтан, күдікті жігіт қамауға алынды. Істің тергелу барысы енді прокуратураның бақылауында болады»,- деді Руслан Әбдірайымов.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя