Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркияда мешіт имамы 38 келі есірткімен ұсталды

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: ВВС

Түркияның Анталия қаласында мешіт имамы 38 келі марихуанамен ұсталды. 37 жастағы Джасим Лачинкаяға 5 жыл 5 ай бас бостандығынан айыру және 10 мың лира (879 мың теңге) ақшалай жаза кесілді деп хабарлайды aktifhaber.com.

Желтоқсан айында Анталия қаласында «жанды бомба» жүр деген хабарлама негізінде жергілікті полиция көліктерді тексеру барысында имам көлігінен 9 келі марихуана тауып алған.

Имам жұмыс істейтін мешіт орналасқан Хисарчандыр ауданында тағы да 29 келі марихуана болыпты.

Лачинкая жергілікті тәртіп сақшыларына есірткінің Али Асланбай деген адамның мүлкі екенін, өзінің тек пайдаланушы болғанын айтқан.

Имам берген түсініктеме негізінде Али Асланбайға 10 жыл 10 ай түрме жазасы берілді. Ал өз кезегінде Асланбай имаммен арасында дау бар екенін алға тарта отырып, өзіне жала жабылғанын айтады.

Qamshy

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM